12 Желтоқсан 09:10

12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото:

12 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алматы, NEGE. Еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тегтер: