14 Қараша 18:16

11 той иесі 7 миллион теңге айыппұл төледі

Фото:

Ақтөбе облысында бір аптада 11 той иесіне 7 миллион теңдеген астам айыппұл салынды.

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның алтауы қала тұрғыны.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның хабарлауынша, төртеуі зейнеткер.

Бос уақыты көп, алаңсыз жүрген олар көбіне қонаққа барып, дүкен аралап дертке шалдыққан. Ал төртеуі Мәртөк ауданынан. Оның ішінде екеуі Ресейден келген Жамбыл облысының тұрғыны.

Аурудың тарау деңгейі бір күнде 0,3% құрады.

Жалпы облыста 3395 жағдай тіркелді. Адамдардың 97 % жуығы жазылып шықты. Үй карантинінде 263 ақтөбелік жатыр.

«3-9 қараша күндері аралығында мейрамханаларда 11 той өткізілген. Оларға 7,2 миллион теңгеге айыппұл салынды. Қазір облыста эпидахуал тұрақты. Егер біз бетперде тағып, арақашықтықты сақтасақ, жағдай қалыпты болады. Сондай-ақ өңірде оқушылардан COVID-19 анықталмады. Оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді. Қазір Қаулы дайындалып жатыр», – деді Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, өңірде 2 балабақша баласынан коронавирус инфекциясы анықталып, екеуі де карантинге жабылған. Ал топ балалары мен тәрбиешіден ПТР тест алынған.

Тегтер: