25 Маусым 20:33

11 940 түлек тест тапсырды

Фото:

25 маусым күні еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 67 пунктіде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.

Алматы, NEGE. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде 9 568 талапкер – тапсырманы қазақ тілінде, 2 372 түлек – орыс тілінде орындаған.

«91 түлек тестілеуге кіргізуде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолданып, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылды», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, тестілеуге кіргізіп жатқанда бір түлектің дене қызуы көтеріліп, тестілеуге жіберілмеді. Ол ҰБТ-ны сауыққан соң басқа күні тапсыра алады.

Тегтер: