23 Қазан 13:39

1028 тонна пішен өртенді

Фото:

Шығыс Қазақстан облысында пішен өртенді. 

Алматы, NEGE. 22 қазанда сағат 15.43-те Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Жандос ауылының шетінде жиналған 1028 тонна пішен өртенді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт шаруашылық құрылыстарының ағаш құрылымдарына тараған. Құтқарушылар мен орман шаруашылығының қызметкерлері өртті сөндіруге бар күшін салды.​ ​ ​ Бірлескен үйлесімді іс-қимылдардың арқасында 788 шаршы метр жалпы алаңдағы өрт 23 қазан күні сағат 10.10-да сөндірілді. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 бірлік техника және 2 тракторы жұмылдырылды. ​ ​ ​ ​

Өрттің шығуының алдын ала себебі-ірі жемшөптерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып отыр. ​ ​ ​ ​

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады: ​

- Шөп маялары электр беру желілері мен жолдарға дейін кемінде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс; ​

- Ашық алаңда шөпті маялау кезінде минералданған жолақтарды орнату қажет – бұл оттың таралуын шектеу мақсатында жасалады, барлық шөпті бір жерге қоймау керек; ​

- Шөп сақтау орындарының жанында темекі шекпеңіз; ​

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы шөптің жануының себебі болып табылады. Егер өрт шықса өрт сөндіру қызметін 101, 112 телефондары бойынша шақырыңыз, өрт сөндірушілер келгенге дейін оттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдаңыз – жанып жатқан шөп маясына топырақ тастаңыз және мүмкіндігінше оны құрылыстардан алыс жылжытыңыз. Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс

Тегтер: