27 Сәуір 15:45

100-ден астам студент карантинге жатқызылады

Фото:
Ресейден қайтарылған 100-ден астам қазақстандық студент Шығыс Қазақстан облысында карантинге жатқызылады, деп хабарлады YK-news.kz.


Алматы, NEGE. «27 сәуірде Ресейден Бородулихинский ауылының «Ауыл» бекеті арқылы риддерлік студенттер қайтарылады. Ата-аналарына балаларын күтіп алудың керегі жоқ, себебі автобус бірден стационарға барады, студенттерді карантинге орналастырады. Олардың тұруы, тамақтануы және тестілеуден өтуі бойынша барлық шығындарды мемлекет өзі көтереді. Барлық сутдент коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді. Нәтижелері шыққаннан кейін ата-аналары балаларын алып кете алады», - деді Риддер әкімі Жомарт Мұратов дүйсенбі күні.
Хабарда атап өтілгендей, студенттер Өскемендегі стационарға орналастырылады. Өңір билігі 108 қазақстандық студенттің келетінін нақтылады.
«Сонымен қатар, бүгін Семей әуежайына Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындарын Атыраудан әкеле жатқан арнайы рейс келіп қонады деп күтілуде. Олар Tengizchevroil компаниясының жұмысшылары», - делінген хабарда.

Тегтер: