26 Сәуір 20:32

«100 жаңа есім» жобасының қатысушылары карантинде қолдау көрсетті

Фото:

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үш маусымының қатысушылары карантин кезеңінде қазақстандықтарды қолдап, бейнеролик түсірді.

Алматы, NEGE. 2017-2019 жылдардағы жоба финалистері әлеуметтік желілерге бейнеролик дайындап, коронавирустық инфекциямен күресуде алдыңғы қатарда жүрген адамдарға алғыс айтып, қолдау көрсетіп, өзін-өзі оқшаулау кезінде уақытты қалай өткізетінін айтып, қазақ тіліндегі шығармалардан үзінді оқып, өз білімін жетілдіру курстарымен бөлісті.

«100 жаңа есім» жобасы 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бастау алды. Онда мәдениет, спорт қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер, медиа өкілдері және басқа да бірқатар бағыттар қамтылды. Олардың табыс тарихы жаңа ұрпақты мақсат қоюға, оған жетуге ынталандыруға бағытталған.

Тегтер: