USD
USD
USD

Эквадорда азаматтық соғыс басталды: Есірткі картельдері ел билігіне соғыс жариялады

Эквадорда азаматтық соғыс басталды. Есірткі картельдерінің бүлікшілері елді үрейлендіруде: олар TC Televisión телеарнасының тікелей эфирін жарылғыш заттармен басып алды, Гуаякил университетіне шабуыл жасады, көліктерді өртеп, көшеде жүрген адамдарды ұрлап жатыр. 

Эквадор
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде жергілікті полиция мен әскери қызметкерлердің кепілге алынып, бастарына мылтық тақалғаны түсірілген видеолар тарады. 

Президент Даниэль Нобоа төтенше жағдай жариялап, ішкі қарулы қақтығыс туралы жарлық шығарды.

Гуаякилдегі TC Television студиясынан түсірілген кадрлар бүкіл әлемге тарады. Бетперде киген қаскөйлер қолдан жасалған жарылғыш заттар мен гранаталарды пайдаланып, тележүргізушінің қалтасына бомба салған. Телекомпания қызметкерлерін үрей билеген. Бірнеше журналисті кепілге алды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, полиция кепілдегілерді босатып, бірнеше қылмыскерді тұтқындады.

Журналист Бернарда Севаллостың айтуынша, шабуылшылар ғимаратқа жаңалықтар бағдарламасы басталардан он минут бұрын кірген.

Осы уақытта Гуаякил университетін де қарулы топ басып алған. Куәгерлердің айтуынша, қарақшылар бейбіт тұрғындарды қолға түсіріп, тонаумен айналысқан.

Атыс дыбысы Гуаякил метросында, тіпті Китодағы президент сарайының маңында да естілді.

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы