Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Экстрасенс: 2021 жылы қан мен қақтығыстар көп болады

«Экстрасенстер шайқасының» финалисі Зираддин Рзаев келесі жыл 2020 жылдан гөрі қиын болады деп санайды. Коронавирустық пандемияны алғашқылардың бірі болып болжаған «Экстрасенстер шайқасының» финалисі Зираддин Рзаев 2021 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Экстрасенс: 2021 жылы қан мен қақтығыстар көп болады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Эзотерик оң болжам жасамай отыр. Ресей федералды жаңалықтар агенттігінің тілшісімен әңгімесінде ол адамзат баласын көптеген қиыншылықтар күтіп тұрғанын қысқаша атап өтті. 2021 жыл, экстрасенстің айтуынша, соғыс пен қақтығыс жылы болады.

«Бұл туралы әлі көп айта алмаймын. Сізге қысқаша баяндайын. Бұл – соғыс жылы. 2021 жыл да теріс жыл болады. Нашар болады. Барлығы 2020 жылдан қорықты, өйткені бұл қиын болды, бірақ 2021 жыл одан да жаман болады. Қан мен қақтығыстар көп болады», – деді көріпкел.

Зираддин Рзаев өзінің күңгірт болжамын түсіндірген жоқ. Айта кету керек, оның болжамдары жиі дөп келеді. Ол 2011 жылы Исландияда жанартаудың атқылауын, Меккеде құрылыс кранының құлауынан жүзден астам қажының қаза болуын болжады.

Ол коронавирустық пандемиядан да, ресейлік рэп орындаушысы Кирилл Толмацкийдің өлімінен де хабардар болды. Алайда, бәрі қателеседі. Сондақтан аса қатты қобалжудың қажеті жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық