Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Экс-президент тұтқындалды

БАҚ-та Молдованың экс-президенті Игорь Додонның тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Экс-президент тұтқындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон 72 сағатқа қамауға алынған. БАҚ-та қазір оның үйінде, Садов ауылындағы ата-анасының үйінде және Калараш ауданындағы Додонның басқа нысандарында тінту жүргізіліп жатқаны айтылған.

Еске салайық, бұған Молдованың экс-президенті Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, Отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

2020 жылы бұрынғы депутат Юрий Реницэ сол кездегі президент Игорь Додон Демпартияның жетекшісі Владимир Плахотнюк пен оның орынбасары Сергей Яраловпен кездескен видеоны жариялады. Видеода Додон Плахотнюктен пакет алған. Депутаттың айтуынша, онда қомақты ақша болған. Кездесу 2019 жылғы маусымда өткен, бірнеше күннен кейін Плахотнюк елден кеткен.

2020 жылғы маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, өйткені қылмыс белгілері анықталмаған. Бұл шешімді Кишинев соты қолдаған болатын, бірақ 17 мамырда Кишиневтің апелляциялық палатасы бірінші сатыдағы сот шешімін жойды.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи