USD
USD
USD

Экс-президент елден кетті

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сауранбай Жиенбеков елден кетті. Бұл туралы оның адвокаты Жырғалбек Бабаев мәлімдеді.

Экс-президент елден кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заңгердің айтуынша, бұрынғы президент С.Жиенбеков жұбайымен бірге Стамбұлға ұшып кеткен. Одан әрі олар Сауд Арабиясына жол тартпақ.

С.Жиенбеков

«Сауранбай Жиенбеков умра қажылыққа бару үшін Меккеге кетті. Экс-президентті бұл сапарға Сауд Арабиясының королі шақырған. Қажылыққа баруды ол 2020 жылдың қарашасынан бері жоспарлап жүрген. Пандемияға байланысты сапары шектеліп, ресми шақыруды күтуі керек болды. Шақырту 2021 жылдың ақпанында келді», – деді Ж.Бабаев.

Қажылықтан соң экс-президент Қырғызстанға орала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Естеріңізге салайық, С.Жиенбековті бұрынғы вице-премьер Д.Зилалиевтің ісі бойынша Бішкек қалалық соты тергеуге шақырған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026