Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Экс-президент Ақаев Қырғызстанға жеткізілді

Қырғызстанның бұрынғы Президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді.

Экс-президент Ақаев  Қырғызстанға жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеуде болған Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. 

Қазіргі уақытта ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратында. Онда "Құмтөр" кен орнына байланысты қылмыстық іс төңірегінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Ақаев жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге 1992 жылы "Құмтөр" жобасы бойынша бас келісім жасасу кезінде, 1994 жылы оған өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ 2003 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісімді қайта құрылымдау кезінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында "Құмтөр" жобасын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар барлық кінәлі тұлғаға құқықтық баға берілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Хабарламада Ақаевты республика аумағына әкелу арқылы, қылмыстық жауапкершілікке тарту тұрғысынан тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған, белсенді жұмыстар жүргізілгенін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті