USD
USD
USD

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі ҰҚК департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 18 өңірінде «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымының азаматтарды жаппай алдау дерегін анықтады.

Күдіктілер
Фото: ҚМА/видеодан кадр

Астана, NEGE. Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың тамызынан бастап ұйым микрокредит алушыларға ақылы кеңес беру қызметін ұсынған. Оның құны қарыз сомасына қарай белгіленіп, микрокредиттің негізгі сомасына қосылған.

Клиенттерге кеңес беру қызметінің ақысын төлемесе, микрокредит ала алмайтыны немесе қарызды өтеу мерзімін ұзарта алмайтыны айтылған. Сонымен қатар бұл қызметтен бас тартуға болатыны ескертілмеген.

Соның салдарынан азаматтар қолдарына алуға тиіс сомадан аз ақша алғанымен, микрокредитті толық көлемде, сыйақысымен бірге қайтаруға міндеттелген. Қарызды өтеу мерзімі ұзартылған сайын ақылы қызмет қайта рәсімделіп отырған.

Тергеу дерегіне сәйкес, 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру қызметін көрсетуге қатысты 181 мыңнан астам шарт жасалған.

Микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов