USD
USD
USD

Экс-офицерлер Мәсімов пен Әбішевке қатысты мәлімдеме жасады

ҚР қарулы күштерінің құрамында болған бірнеше экс-генералдар мен полковниктер Кәрім Мәсімов басқарған ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша заңсыз сотты болғандарын мәлімдеді.

Экс-офицерлер Мәсімов пен Әбішевке қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полковник Мұхтар Қарабеков жұма күні өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қызметіне қатысты іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

Тергеу амалдарының мәліметінше, ол пара алғаны үшін кінәлі болған. Офицер өз кінәсін әлі күнге дейін мойындамаған.

"Барлық адамдар заңсыз сотты болды.Тінту жұмыстарына нәтиже шықпады, мүдделі адамның берген куәлігі ғана жалғыз дәлел деп танылды. Бүгінде Кәрім Мәсімовтен бастап ҰҚК-нің бүкіл басшылығы уақытша ұстау орындарында отыр және олардың барлығы әскери қызметкерлердің заңсыз сотталуына қатысы бар", - деді ҚР қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктер орталығының экс-басшысы.

Мұхтар Қарабеков 157 әскери қызметкер заңсыз сотталғанын, сондай-ақ оның 7-еуі жоғарғы соттың шешімімен ақталғанын қосып өтті.

Полковник қылмыстық іске барғандарға ешқандай қатысы жоқ екенін, сол себепті өз кінәсін мойындамайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тергеу барысында өзіне қоқан-лоққы жасалғанын, ҰҚК бастығының экс-орынбасары, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Самат Әбіштен қысым көргенін де айтты.

Экс-әскери қызметшілер президент, жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық озбырлықты тоқтатуды және құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары сотталған барлық әскери қызметшілерге тағылған айыпты алып тастауды сұрап жүгінді.

Қазір оқып жатыр

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция

Министр Ресейдің бензинге қатысты өтініші туралы мәлімдеме жасады

.