USD
USD
USD

Экс-министрдің адвокаттары істі прокурорларға қайтаруды сұрады

Бүгін елорданың Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтың 133 томнан тұратын қылмыстық ісін қарады.

Экс-министрдің адвокаттары істі прокурорларға қайтаруды сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онлайн режимде өткен отырысқа Елжанов Біртанов пен Олжас Әбішев, адвокаттар, прокурорлар Санат Талқанбаев, Бауыржан Шекенов және журналистер қатысты.

Алдын ала тыңдауда Біртановтың қорғаушыларының өтініші ішінара қанағаттандырылды. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің 2 өкілінің бірі (жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайды) сотқа қатыса алмайтынын айтты. Мәселе Жақанова ханымға қатысты. Ол Денсаулық сақтау министрлігімен келісімшарт бойынша жұмыс істейтінін, отставкадағы судья екенін жеткізді. Бірақ министрлікке бағынысты ұйымның атауын нақты айта алған жоқ.

Осы сәтте Біртановтың қорғаушысының бірі Серік Сағалиев заңның бұзылғанын алға тартты. Оның пікірінше, отставкадағы судьяларға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынған.

Сондай-ақ денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішевтың адвокаттары қылмыстық іспен толық таныса алмағанын атап өтіп, іспен танысуға уақыт сұрады.

Олжас Әбішевтің айтуынша, бұл іс 133 томнан тұрады, онда 30 мыңнан аса бет бар.

«Оларды оқу үшін 4 ай, ал 500 сағаттық аудио жазбаларды тыңдау үшін 3 айдан аса уақыт керек. 21 қораптан тұратын заттай дәлелдер бар. Істе тағы 4 томның барын осы тыңдауда ғана алғаш рет естідім", - деді бұрынғы министрдің орынбасары.

Елжан Біртановтың адвокаттары да тергеу тарапынан бірқатар заңбұзушылық болғанын айтып, судьядан істі прокурорларға қайтаруды сұрады

Судья Ибрагим Әлкеновтың төрағалығымен өткен сот отырысы шамамен 5 сағатқа созылды. Сот ертең, 27 ақпан сағат 15.00-де жалғасады.

 

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов