USD
USD
USD

Экс-министр дүниеден өтті

Алматы, NEGE. 

Экс-министр дүниеден өтті
Фото: NEGE.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы 3 қазанда өмірден өткен Қазақстанның бұрынғы Көлік және коммуникациялар министрі Серік Әлигужиновтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген және Павлодардағы №2564 автоколонна механигінен ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі ұзақ еңбек жолын жүріп өткен. Ел үкіметі Нұр-Сұлтанға көшіп жатқан кезде министрлікті басқарды, көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды», - деп жазылған Telegram каналдағы мәліметте.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Серік Әлигужинов Қазақстан Республикасы автокөлік одағының басшысы болды.

Еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО халықтарының достығы орденімен, «Құрмет» және «Парасат» қазақстандық ордендерімен марапатталған, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Павлодардың Құрметті азаматы атағын иеленген.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы