USD
USD
USD

«Серік Голова» ұсталды

Сенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ бірлескен операция жүргізіп, Алматы облысы аумағында атышулы қылмыстық авторитет (кейбір деректерде «заңдағы ұры – ред.) Серік Жаманаев – «Серік Голова» ұсталды.

«Серік Голова» ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Серік Жаманаев өзі жетекшілік ететін қылмыстық тобы мүшелерімен бірге құрықталған. Оларға адам өлтіру, бопсалау және тағы да басқа ауыр баптар бойынша айып тағылған.

Естеріңізде болса, Nege.kz порталы Серік Жаманаев туралы "Серік "Голованың" сергелдең тағдыры" атты көлемді мақала жариялап, Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаған. Онда С.Жаманаевтың қайда екенін, пробациялық мерзімі біткен-бітпегенін, түрмеден шыққан соң «Серік Голованың» немен айналысып жүргенін сұрағанбыз. Алайда ІІМ әзірге жауап берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап адвокаттардан бас тартты

.

Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады

Кісен

Үкіметтің ERG-дегі 40% үлесі «Самұрық-Қазынаға» берілуі мүмкін

 ERG

Қазақстанда кейбір әскерилерге үш есе мөлшерде ақы төленбек

Әскерилер