Экс-кандидаттың қызы мұрагерлік үлесіне қол жеткізе алмай жүр
2019 жылы өткен президент сайлауына үміткер болып тіркелген Төлеутай Рахымбеков пен оның қызы Айбота Рахымбекованың арасындағы мүлік дауына әлі нүкте қойылған жоқ.
13 желтоқсанда Айбота РАХЫМБЕКОВА әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, былай деген: «Құрметті Қазақ елі, президент мырза және анамның туыстары!
Сіздерден кешірім сұраймын, осылай ақтарып салғаныма. Менің басқа амалым қалмады. Ішімдегі 8 айлық баламен, Төлеутай Рахымбеков мені далада қалдырды. Бүкіл анам марқұмнан қалған дүниенің (мұрагерлік үлесімді) барлығын мені алдап-арбап тартып алды.
Маған көмектесіңіздер, ағайын, журналистер, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар және Президент мырза!».
А.Рахымбекова «өгей әкесі» Т.Рахымбековтің өзін «нашақор, маскүнем» деп атағанын және оның «тоқалым бол» деп көңіл білдіргенін айтады.
«Анам өмірден озған соң Т.Рахымбеков менің мұрагерлік құқығымды иеленіп кетті. Анам жанымда болса, мұндай жағдайға түспейтін едім. Қазір ішімде сегіз айлық балам бар. Барар жер, басар тауым жоқ. Осы жағдайыммен бірінші сатыдағы соттан ұтылып қалдым. Менің дәлелдерім мен дәйектерім есепке алынбады.
Ең сорақысы, Т.Рахымбеков мені «туған қызым емессің» деп, сыртқа тепті. Мен мұны ешқашан білмеген едім», – деген А.Рахымбекова Қ.Тоқаевтан өзінің мұрагерлік құқығын қалпына келтіруге септесуін сұрап жолдаған бейне жазбасында.
Алғашқы мәлімдемеден соң үш күннен кейін А.Рахымбекова тағы да бейне-үндеу жолдап, былай деді: «Т.Рахымбеков мені қыста үйден қуып шығып, заң бойынша маған тиесілі мұрагерлік үлесімді алып қойды. Ол мені ғана алдаған жоқ, «дүниемді тартып алмақшы» деп қазақ халқын да адастырды. Ал мен анам қайтыс болған соң маған қалған заңды мұрагерлік үлесімді ғана талап етіп жүрмін».
Айбота Рахымбекованың айтуынша, өгей әкесі оған моралдық-психологиялық қысым жасаған. Ауыл партиясы төрағасының орынбасары Т.Рахымбековтің бұған қатысты өз уәжі бар. Ол «қызын» аудандық сотта жеңгенін айтып, «қолымда құжаттарым бар» деп отыр. Ал Айбота Рахымбаева болса, шындыққа толық қол жеткізбейінше тоқтамайтынын, әділдікке жету үшін алдағы уақытта тағы біраз дүниелерді жариялайтынын ескертті.
Президенттікке экс-кандидат Т.Рахымбековтің әрекетіне қатысты жұрт әлеуметтік желіде әрқилы пікір айтып жатыр.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды