USD
USD
USD

Экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

9 қазанда әлеуметтік желіде Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясының алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Светлана Жолманова
Фото: t.me/negeaqsha

Алматы, NEGE. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Олар Медеу аудандық полиция бөлімінде алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деді қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. 

Судьяның өзі әлеуметтік желі арқылы «өзін ешкім ұстамағанын, кабинетінен табылған ақшаны қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ екенін, Алматы қалалық сотының төрағасы мен Медеу аудандық сотының төрағасы ҰҚК қызметкерінің көмегімен өзіне қарсы арандату ұйымдастырғанын» мәлімдегенін жаздық.

Судьяның сөзіне қарағанда, бірнеше ай бұрын оның кабинетіне жасырын камера орнатылған. Сол кезде Жолманова әлеуметтік желідегі парақшасында камера орнатылған жердің фотосын жариялады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.