USD
USD
USD

Экс-министрдің ағасы төрешілерді соққыға жыққан

Ақтауда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы республика чемпионатта бас төреші мен төрешіні ұрған жаттықтырушы Ерік Маржықпаев жарыстардан екі жылға шеттетілді, деп хабарлады aikyn.kz.

спорт
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы, NEGE. Орын алған жағдайдан соң Қазақстан бокс федерациясы осындай шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Ерік Маржықпаев бұрынғы спорт министрі болған Ермек Маржықпаевтың туған ағасы.

Бұған дейін аталған оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Онда Ерік Маржықпаевтың жарыстың бас төрешісі Бақытжан Бекпенбетовті ұрған сәті анық көрінеді. Ал, оларды ажыратуға келген төреші Ғани Ысқақов та Маржықпаевтан «таяқ жеп» қалған.

Ол соққыға жығылған төрешілерден кешірім сұрады.

«Қазақстан бокс федерациясы Маржықпаев Е. мәселесі бойынша Атқарушы Комитеттің отырысын өткізіп, ҚР спорттық этикасының бұзылу мәселесін қарастырды. Отырыс нәтижесінде келесі шешім қабылданды: Маржықпаев Е. бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді», - делінген Федерация таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері