USD
USD
USD

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары атанды. Сондай-ақ партия басшысының орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Байтілесов пен Эльдар Жұмағазиев тағайындалды. 

Асхат Оралов
Фото: «Әділет» партиясы

Астана, NEGE. Партия таратқан ақпаратқа қарағанда, ​Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. Тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

​Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жетекшілік етеді. Ол аудандық сот маманынан бастап, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өтті. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болған.

​Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму мәселелеріне жауап береді. Ол Атырау мұнай және газ институтын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады. Әр жылдары Атырау облысындағы ішкі саясат саласында қызмет етіп, «Атырау-Ақпарат» КМК өңірлік медиахолдингін басқарған, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Партиялық жұмыста тәжірибесі мол.

​Бұған дейін партия төрағасының орынбасарлары лауазымдарына коммуникация мәселелері жөнінде – Әлия Адамбаева, идеология бағыты бойынша – Ержан Жылқыбаев және цифрландыру мәселелері жөнінде – Қаныш Төлеушин тағайындалған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ