USD
USD
USD

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін министрліктің қаржы-экономикалық бағытына жауапты болған Әскер Бейсеновтің орнына келді.

Татьяна Савельева
Фото: t.me/quryltairesmi

Астана, NEGE. Бүгін Құрылтай отырысында Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Савельеваға Құрылтай жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Татьяна Савельева 2016–2023 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 28 наурыздан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. 2024 жылғы 14 ақпаннан бастап Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, кейін төрайымы қызметін атқарды.

2026 жылғы 27 тамызда ол «Әділет» партиясынан Құрылтайдың I шақырылым депутаты болып сайланған еді.

Депутаттық қызметі кезінде Татьяна Савельева мемлекеттік қарыз, бюджет тапшылығы және бюджет саясаты мәселелерін көтерді.

Айта кетейік, қазір Қорғаныс министрлігінде бірқатар кадрлық өзгеріс болып жатыр. Бұл тағайындаулар Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан кейін орын алып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Тоқаев ұсынған тұжырымдарды Моральдық кодекс ретінде айқындауды ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов