USD
USD
USD

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Болатбек Әлиев премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кірісті. 

Болатбек Әлиев
Фото: facebook.com/bolatbek.nazhmetdinuly

Астана, NEGE. Болатбек Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында қыркүйек айының соңынан бері Серік Жұманғариннің кеңесшісі болып жұмыс істеп жүргенін хабарлады. 

«Кеңесші болуды ұсынғанда, Серік Мақашұлы осы тәжірибемді Үкімет жұмысына пайдалануға болатынын айтты. Мен келістім. Бұл жұмысты қоғамдық негізде атқарамын, жалақы алмаймын», – деп жазды ол.

Әлиевтің сөзінше, қазір мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарап, олардың халық пен кәсіпкерлерге ықпалын бағалауға қатысып жүр. Қажет болған жағдайда балама шешімдер ұсынбақ.

Экс-депутат бұрын істі болған

Журналист Михаил Козачков әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын Болатбек Әлиевтің Болатбек Нәжімеденұлы фамилиясымен жүргенін жазды. 

Козачковтың мәліметіне сәйкес, Әлиев 2001 жылы 8 мамырда Сарыағаш аудандық сотының үкімімен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін рақымшылық туралы заң негізінде жазасын өтеуден босатылды.

2025 жылы Болатбек Нәжімеденұлы журналисті осы мәліметтерді жариялағаны үшін жала жапты деп жауапқа тартуға тырысты. Алайда Алматы қалалық соты депутаттың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Сот Козачков жариялаған ақпараттың нақты деректерге негізделгенін және жала болып саналмайды деп тапты. 

Айта кетейік, Болатбек Әлиев VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.