Экс-депутат Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Сот оны Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.
Алматы, NEGE. Қайрат Құдайбергенге қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынып, «Құрмет» орденінен айырылды.
Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде Қаңтар оқиғасына қатысты деп ұсталған болатын. Құдайберген жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді. Сонымен қатар оған Арман Жұмагелдиевке белсене көмектесті деген айып тағылған болатын.
Прокурор «Дикий Арманға» 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды.
Қазір оқып жатыр
1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі
Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
«Бұл өмірде ешкімге жеңілдік берілмейді»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?
Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады