USD
USD
USD

Екпені толық алып үлгермеген студенттер не істейді?

Жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымда аяқтайды.

Екпені толық алып үлгермеген студенттер  не істейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында осылай деп айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттерді оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдардың егу пункттерінде вакциналау ұйымдастыру керектігі айтылған. Ал шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі.

«Шетелдік студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберілсін», - деп жазылған құжатта. Сондай-ақ, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакциналау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс