USD
USD
USD

Екпелер міндетті және ерікті болып бөлінеді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Екпелер міндетті және ерікті болып бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қорытынды салыстырмалы кесте 717 қабылданған түзетуді қамтыды, екі түзету қабылданбады», - деді депутат Зәуреш Аманжолова. Осы орайда аталған екі түзетудің біріншісі профилактикалық екпелерді жүргізу бойынша пункте «міндетті» сөзін «құқылы» деген сөзге ауыстыруға қатысты болды. Ал екінші түзету екпе жасалмаған балалардың балабақшаға баруын шектейтін норманы жоюға байланысты. Дегенмен бұл түзетулер қабылданбады. «Нәтижесінде, барлық екпелер міндетті және ерікті болып нақты бөлінеді, ал балалардың балабақшаға баруы осы ұйымдағы «ұжымдық иммунитеттің» деңгейіне қарай жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», - деді Зауреш Аманжолова. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 4 наурызда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Қазір оқып жатыр

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту