USD
USD
USD

Екпе салдырғаннан кейін бала көтеруге бола ма?

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев вакцина салдырғаннан кейін жүктілік жоспаралауға болатынын айтты.

Екпе салдырғаннан кейін бала көтеруге бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Табынбаевтың айтуынша, жүктіліктің алдында вакцина салдырса, ананың бойындағы антиденелер балаға да беріледі және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Алайда, жүктілік кезінде вакцина салдыру қауіпті.

«Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уаықттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады», – дейді Табынбаев.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті