Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Екпе егу оразаны бұза ма?

Негізінде шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды.

Екпе егу оразаны бұза ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Фәтауа Һиндия» кітабында «Терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды» делінген, деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Қазіргі заман ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. Олар: «Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) ине салса, ауыз ашылмайды», – деп айтады.

Бірақ көк тамырға екпе салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарасы әртүрлі.

Ғалымдардың көбі «Тамырға салынатын ине денеге қуат, азық болмаса, ораза бұзылмайды» дейді», - делінген хабарламада.  

Екпе – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды.  

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат