USD
USD
USD

Екпе алмағандарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды

20 тамыздан бастап Әбу-Дабидің қоғамдық орындарына тек COVID-19-ға қарсы екпе алғандар ғана бара алады. Бұл туралы Әбу-Дабидің Төтенше жағдайлар, дағдарыс және табиғи апаттар жөніндегі комитетінің шешіміне сілтеме жасап әмірлік билігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Екпе алмағандарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл шешім сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, демалыс орындары, спорт орталықтары, сауықтыру клубтары, шипажайлар, мұражайлар мен мәдени орталықтар, тақырыптық сабақтар, университеттер мен институттар, мектептер мен балабақшаларды қамтиды.

Одан бөлек, вакцинасыз сауда үйлерінен тыс орналасқан дүкендерге кіруге болмайды.

Алайда бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын супермаркеттер мен дәріханаларға кіруге рұқсат етілген.

Биліктің айтуынша, бұл тыйымдар 16 жасқа дейінгі балалар мен вакцина алуына болмайтын адамдарға жүрмейді.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне орташа есеппен шамамен 2,1 мың адамды құрап отыр, бұл көрсеткіш соңғы ай бойы біртіндеп өсіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер