USD
USD
USD

Экономикамыз Мексикаға қарап қалды

ОПЕК+ келісімге келді. Бірақ Мексика ғана қырсығып отыр. Осы елдің бірбеткейлігінен мұнай бағасы біз күткендей көтерілмеуі мүмкін.

Экономикамыз Мексикаға қарап қалды
Фото: NEGE.kz

10 сағат бойы өткен келіссөздерден кейін ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту шарттары туралы келісімге келді деп жазады, Reuters. Инсайдерлер, мамыр-маусым айларында өндіріс тәулігіне 10 миллион баррельге, шілде-желтоқсан аралығында тәулігіне 8 миллион баррельге, 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы сәуірге дейін күніне 6 миллион баррельге азаятынын хабарлады.

Бірақ ресми мәлімдеме жасалмауы мүмкін. Мексиканың өкілі келісім шарттарымен келіспей, видеоконференцияны өшіріп тастаған. Басқалары Мексиканың бетін бүгін бері қаратамыз деп отыр.

Бүгін тағы да келіссөздер өтеді. Оның қортындысы бойынша, мұнай нарығын тұрақтандыру шараларын қадағалайтын арнайы комитет құрылады деп жоспарлануда. Ол жоспар туралы алдында Bloomberg жазған еді.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мүшелерінен басқа ОПЕК + құрамына Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Мексика, Малайзиялар кіреді. OPEC+ шартына Мексика қатыспаса, әлемдік өндірісті азайту мүмкін емес. Сауд Арабиясы мен Ресей өндірісті тәулігіне 8,5 миллион баррельге, яғни 11 миллион деңгейден 23 пайызға, қалған елдер - базалық деңгейден 23 пайызға азайтуға дайын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары