USD
USD
USD

Экологтар Каспий теңізінің қызыл түсіне байланысты зерттеу қорытындысын жариялады

Маңғыстау облыстық экология департаменті мамандары Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына қатысты 2025 жылдың 12 ақпан күні теңіз суынан сынама алып, химиялық және мұнай өнімдеріне талдау жұмыстарын жүргізген болатын. 

Қызыл
Фото: Экология департаменті

Алматы, NEGE. Сынама қорытындысы бойынша қауіпті ештеңе анықталмаған.

«Талдау қорытындысына сәйкес ластаушы заттар анықталмады. Бәрі қалыпты болып шықты. Балдырлар суға қою қоңыр, қызыл түс береді. Бізде қар жауып, осы жолы құбылыс айқынырақ көрінді. Балдырлар таяз суда, атап айтқанда, біздің жағалауда өседі. Олар бар жерлерде судың түсі өзгеріп тұрады. Әрине, біз бұл табиғи құбылыс туралы білсек те, судың күйін тексеруге міндеттіміз» , — дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек. 

Естеріңізге сала кетейік, осы ақпаратқа дейін Ақтауда Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялып, тұрғындарды алаңдатқаны жайлы жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком