USD
USD
USD

Экологияны жол картасы жақсарта ала ма?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, мемлекеттік органдармен біріге отырып Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешудің жол картасын жасады.

Экологияны жол картасы жақсарта ала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір бұл жоба Үкімет қарауында. Карта бірнеше блоктан тұрады:

1-блокта көмірмен энергия шығаратын кәсіпорындардың зиянды заттарын азайту. ЖЭО-2, ЖЭО-3 орталықтарын қайта жаңғырту, газ құбырларының құрылысы, су жылыту қазандықтарын ауыстыру, Алматыны газдандыру, жеке тұлғаларға электр энергиясының түнгі тарифін өзгерту қарастырылған.

2-блокта ауа циркуляциясының бұзылу қаупінің алдын алу. Қаланың сәулеттік бейнесіне, бас жоспарына жел режимін ескере отырып өзгеріс енгізу.

3-блокта ағашты кесу мәселесіне қоғамды белсенді араластыру, кесілген ағаштардың орнына өтем ретінде ағаш отырғызу тетігін қайта қарау, жасыл желектің паспортталуын жүргізу.

4-блокта автокөліктердің зиянды заттарын шектеу, техникалық бақылау қызметінің операторларына талапты күшейту, Алматы мен Нұр-Сұлтанда зиянды заттарды бақылау және талдауға мүмкіндік беретін зертханаларды салу, дизельдік отынмен жүретін қалалық автобустарды пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым салу, «Сергек» камералары арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына кіріп шығуға рұқсат жүйесін жасау, электромобильдерге бөлек тегін тұрақ орындарын ұйымдастыру көзделген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай