USD
USD
USD

Экологиялық сенбілік өтті

Қарағандылықтар демалыс күндері су қоймаларының жағалауынан қоқыс жинап, ағаш отырғызды. Экологиялық сенбіліктер Дүниежүзілік тазалық күніне (World Clean Up day) орайластырылды.

Экологиялық сенбілік өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағандыда акция Федоров су қоймасында өтті. Оған еріктілер, экологиялық белсенділер, қоғам қайраткерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жағалау аймағында тал егілді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сұрыпта, тапсыр, қайта өңде!» атты акция ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Тихоновка орманында қоқыс жинап, оны бірден сұрыптады. Қапқа пластик, шыны, алюминий және аралас қалдықтар бөлек салынды. Содан кейін мұның бәрі қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық сенбіліктер барлық қалалар мен аудандарда өтті. Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Акция осы жылы өңірде жарияланған «Кеңгір - баршаның қамқорлығы» жобасының логикалық жалғасы болды. Жезқазғандықтар ортақ күш-жігермен жағалауды ретке келтіріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті