USD
USD
USD

Экология жылы жариялануы мүмкін бе?

Қоғам қайраткері, атыраулық журналист Арман Хайруллин 2021 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынды.

Экология жылы жариялануы мүмкін бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис болды деуге негіз бар. Тоқсаныншы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты заттар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі патологиялар бойынша алда келе жатырмыз. Менің ұсынысым – біздің Экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер 2021 жылды Экология жылы деп жарияласа екен. Жиырма жылда бірде-бір Экология жылы жарияланған жоқ. Қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын, – деді Арман Хайруллин «Экологиялық білім: Қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қалыптастыру» атты дөңгелек үстел отырысында.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны