USD
USD
USD

Экология вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазды Primeminister.kz.

Экология вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

Әр жылдары аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, аппарат басшысы, төраға орынбасары, "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының хатшысы, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 

2013-2016 жылдары — ҚР Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 

2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс