USD
USD
USD

Экология министрлігі утилизациялық алымның «қымбаттайтыны» туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі бірнеше БАҚ-та утлизациялық алмы мөлшерінің артатыны туралы жарияланған материалдарға түсініктеме берді.

Экология министрлігі утилизациялық алымның «қымбаттайтыны» туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. «Осы ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. 31 қаңтарда кәдеге жарату алымын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті. Бұл отырыста қаптаманы, электронды әрі электр жабдықтарын және автомобиль компоненттерін қайта өңдеу ставкаларына қатысты мәселелер қаралды», - делінген түсіндірмеде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған отырыста қайта өңдеушілер ӨКМ операторынан қалдық тасымалдаушыларға қарағанда аз қаражат алатындарына наразылық білдірген. Министр Серікқали Брекешев солардың уәжіне жауап ретінде қайта өңдеушілерді ынталандыру мөлшерін өзгерту туралы мәселені қарауға дайын екенін білдірген.

«Талқылау барысында министр С.Брекешев қайта өңдеушілердің қайта өңдеуді ынталандыру мөлшерін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарауға әзірлігін білдірді. Бүгінде қаптаманы кәдеге жарату төлемінің ставкаларының коэффициенттері төмен және қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге арналған шығындарды өтемейді», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино