Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Экология министрлігі электронды форматқа көшті

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік қызметтерін 100%-ға электронды форматқа көшіруді қамтамасыз етті. Мемлекеттік қызметтердің жаңартылған реестріне сәйкес, Министрлікке 42 қызмет бекітілген. Оның бәрі автоматтандырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Экология министрлігі электронды форматқа көшті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр бұл көрсеткіш 87,23% болса, 2020 жылдың басында 90,7%-ды құрады. Өткен жылы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірудің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес 10 қызмет, 2020 жылдың алғашқы жартысында 2 қызмет автоматтандырылды. Атап өтейік, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру процестің тыңғылықты техникалық дайындығының арқасында жүзеге асты. Осылайша, қазір Министрлікте барлық мемлекеттік қызметті электронды форматта алуға болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, министрлік қызметтерді автоматтандырып қана қоймай, олардың бәрін тек электронды формада ұсынуға ұмтылады. Егер 2019 жылы 28 қызмет электронды формада ғана көрсетілсе, қазір қызметтердің 88%-ы (37 қызмет) электронды формада, яғни қағаз түріндегі баламасыз ұсынылады. Енді министрлік мемлекеттік қызметтерді дамыту үшін бизнес-процесстерді оңтайландыру және биометрикалық аутентификация технологиясын енгізуді қолға алады.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп