USD
USD
USD

Экология министрі қуаңшылық мәселесі жөнінде пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесі жөнінде пікір білдірді.

Экология министрі қуаңшылық мәселесі жөнінде пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы, қазір климаттық өзгерістер байқалуда. Оны бәріміз көріп те жүрміз. Негізі еліміздің су балансын қарасақ, 90-10 текше километрді құрайды, соның 50 пайызға жуығы сырттан келеді. Орталық Азия бар, Ресей бар, Қытай бар. Сондықтан біз сырттағы көршілерімізге тәуелдіміз. Жалпы Маңғыстау облысының су тапшылығы бұрыннан бар, жасырын емес, шөлейт дала. Сондықтан ондай жағдайлар байқалады», – деді М. Мырзағалиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта экологтер осындай мәселелерді зерттеп жатыр.

«Жалпы, судың ықтимал жетіспеушілігі мәселелері, әрине, туындап жатты. Біз жасай алатын ең маңызды нәрсе – суды тұтынуды азайту бойынша жұмыс істеу. Өйткені климаттық өзгерістер жүріп жатыр, оларды тоқтату мүмкін емес. Жай ғана олардың теріс әсерін азайтуға болады», – дейді Экология министрі.

Айта кетейік, соңғы жылдары Маңғыстау облысында құрғақшылық күшейіп, бұл шаруа қожалықтарына қатты әсер етіп жатыр.

Жауын-шашының болмауы, тасымалданатын азықтың жетіспеуі, аймақтағы аптап ыстық малға күтім жасауға кері әсерін тигізіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға