USD
USD
USD

Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 24 наурызда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. З.Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған болатын.

Сондай-ақ келіссөз барысында Қазақстанның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құру бастамасы талқыланды. Идея бойынша штаб-пәтер Алматы қаласында орналастырылмақ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе