USD
USD
USD

Экология министрі Ақтөбе облысына барды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. 

Экология министрі Ақтөбе облысына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экология министрі екі күндік жұмыс сапары барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №4 цехтың жұмысымен танысты.

Мұнда жұмыс барынша автоматтандырылған және қоршаған ортаға тигізер әсері аз. Министр компания басшысына №1, 2 цехтардағы қалдықты 30% азайтып, өндірістік қоқысты кәдеге жаратуға тапсырма берді.

Кейін Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығының жағдайын, ирригациялық инфрақұрылымды құру және жаңғырту жұмыстарының барысын білді. Мәртөк ауданында «Милкер» ЖШС-нің суармалы алқаптары мен «Рад-Агро» ЖШС-нің пайдалануға берілген «Тұрақты суармалаудың сыртқы инфрақұрылымын қалпына келтіру» нысанын аралады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов