USD
USD
USD

Экология басқармасының лауазымды тұлғаларына сот үкімі шықты

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен пара алғаны үшін (ҚК 366-бабы) Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының м.у.а. М. Жексембаевқа 96 млн. теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды, деп хабарлады Антикор.

Экология басқармасының лауазымды тұлғаларына сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пара бергені үшін (ҚК 367-бабы) «Экосервис-С» ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен «Компания Стройтекс» ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 млн. астам және 64 млн. теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылды.

Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) «Eco Almaty» ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн. теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. 

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн. теңгеден астам сома болды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. 

Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев «Реннесанс плюс» ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн. теңге шамасында ақшалай қаражат алды.

М. Жексембаев «Компания Стройтекс» ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн. теңгеден астам ақшалай пара алды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі