USD
USD
USD

Экология талаптарына сай келмейтін 20 жүк көлігі Қытайдан заңсыз әкелінген

Қаржы мониторингі агенттігі экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын заңсыз әкелу фактісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.  

Жүк көліктері
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Тергеу материалдарына сәйкес, бір топ адамның бақылауындағы компаниялар «Евро-2» экологиялық класына жататын FAW маркалы жүк көліктерін заңсыз импорттаған. Ал Қазақстан аумағына «Евро-4» санатынан төмен стандарттағы техниканы әкелуге тыйым салынған.

Қытайдан тасымалданған техниканы елге кіргізу үшін кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер пайдаланылған.

«Атап айтқанда, көлік құралдарының қауіпсіздік сертификаттары (СБКТС) қолдан жасалып, онда әдейі "Евро-5" экологиялық класы әдейі көрсетілген. Нәтижесінде Қазақстан аумағына 20 арнайы техника заңсыз әкелінген. Олардың жалпы кедендік құны 284 млн теңгеден асқан», – делінген хабарламада.

Кейін бұл техникалар сатылып, мемлекеттік сатып алу аясында 600 млн теңгеден астам сомаға жеткізілген.

Сот санкциясымен күдіктілердің тоғыз автокөлігі мен бір пәтері арест қойылды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал оның екі сыбайласына қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі