USD
USD
USD

Эколог-ағартушылар бас қосты

«Іле-Алатау» ұлттық паркінде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Туристерге қызмет көрсету үшін арнайы визит-орталық ашылды. Жуырда Алматыдағы эколог-ағартушылар орталық жұмысымен арнайы танысып қайтты. 

Эколог-ағартушылар бас қосты
Фото: NEGE.kz

Кездесуде тау туризмін дамыту, экологияны сақтау және өскелең ұрпаққа мектеп орманшылығын үйрету жайлы ұтымды ойлар айтылды. Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінде қызмет ететін мамандар өз аумақтарында жұмыс өнімділігін арттырған еңбектер жайлы айтып, тәжірибе бөлісті. Осы ретте Ұлттық паркте экотуризмді дамытып жатқан оператор компания Turanga Group ұйымдастырған визит-орталықтың ұтымды тұстарын атап өтті. Талғар аумағындағы эколог-ағартушы Айгерім Маратқызының айтуынша, Алма-Арасандағы визит-орталық экотуризмнің дауыман орасан үлес қосады. 

«Визит-орталық келушілерді бірден баурап алатынына сенемін. Бұрындары тауға келген туристер үшін жағдай жасалмайтын. Енді Алма-Арасан шатқалын шарлайтындар үшін арнайы ақпарат алатын орын, интернет, жылы мекен, ыстық шәй, тіпті, қол ұшын созар мамандар да жеткілікті. Бұл бастама отандық туризмнің дамуын қарқындататыны сөзсіз», – дейді Айгерім Шалғынбаева.

Ғалымдардың айтуынша, бұл өркениетті экотуризмнің нышаны. Келушілерге табиғат аясында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру ісінде визит орталықтар, ондағы ақпараттар, гидтер мен карталар үлкен рөл ойнайды. "Аюсай" шатқалындағы визит орталық осындай нысандардың алғашқысы. Экотуризмді дамыту жоспарында елдегі ұлттық парктерде осындай орталықтар ашу көзделген.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский