Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ЭКО жасатуға 800 квота бөлінді

Алматыда ЭКО жасатуға 800 квота бөлінді.

ЭКО жасатуға 800 квота бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға квота саны 7 есеге ұлғайтылды.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылуда. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота. Салыстыру үшін 2020 жылы 130 квота бөлініп, пайдаланылды.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Бүгінгі күні басқарманың кезегінде 700-ге жуық әйел бар, оның 400-і 2020 жыл ішінде өтініш берген. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы