USD
USD
USD

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус желідегі парақшасында Қазақстанға құда-жекжатына қонаққа келіп, көңілді кештің куәсі болғанын жазды.

Тедрос Аданом Гебрейесус
Фото: instagram.com/drtedros

Астана, NEGE. ДДСҰ басшысының Instagram-дағы жеке парақшасында жариялаған видеосынан оның Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановпен бірге Ескендір Хасанғалиевтің әйгілі «Атамекен» әнін айтып тұрғанын аңғарамыз. Сондай-ақ ол Қазақстанды «екінші» үйім деп атап, құда-құдағиына керемет кеш үшін алғысын білдірген.

«Ардақ құдағи мен Дәулет құдаға тамаша кеш үшін рахмет. Қазақстандағы құда-жекжатпен керемет уақыт өткіздік. Күлкі, махаббат және бір шаңырақ астында әдемі әндер шырқалды. 

 

...Екінші үйімде болғаныма өте қуаныштымын. Жүрек ән салатын жер – отбасы, ал бүгін кеште менің жүрегім шаттыққа толы болды», – деп жазды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың Айдана есімді қызы Тедрос Аданом Гебрейесустің баласымен отау құрған. Ал Дәулет Тұрлыхановтың жары – Ардақ белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның қызы.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік