USD
USD
USD

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты айтқан даулы мәлімдемелерінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрбанәлі Ахмет
Фото: Құрбанәлі Ахмет/сұхбаттан үзінді

Астана, NEGE. Сұхбат барысында ол екінші әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын айтқан. Екінші әйелінен бес баласы бар.

Құрбанәлі Ахметтің айтуынша, біраз уақыттан кейін отбасында жанжал туындап, екінші әйелі ажырасуға ниет білдіріп, басқа адамға тұрмысқа шығатынын айтқан. Осыдан кейін ол әйелін өзінің шәкірттерінің біріне тұрмысқа берген. Сондай-ақ, оның сөзінше, әйеліне шәкірттерінің арасынан ұнатқанын таңдауға мүмкіндік берген.

«Ол қабырғам кейін менімен ұрысып қалып “болды, сенімен ажырасамын, байға тиемін” деп жынданды. “Сен ақымақсың ғой, мен саған бай тауып берейін” дедім де, жақсы шәкіртіме үйлендірдім», – деді ол.

Бұл сөздер әлеуметтік желі мен қоғамда қызу талқыға түсті. Алматы қаласының полициясы мен мемлекеттік органдары жүргізген тексеру нәтижесінде сұхбатта айтылған кейбір пікірлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетіні, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін екені анықталған.

Алматы қаласы Дін істері басқармасы өз құзыреті аясында Құрбанәлі Ахметке қатысты шара қабылдап, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде оған айыппұл салынды.

Сондай-ақ ресми мәліметке сәйкес, аталған азаматтың Қазақстандағы ресми діни қызметкерлер қатарына кірмейтіні белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк