USD
USD
USD

Екінші ұшқыштың жағдайы қалай?

Алматы маңында «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 3 адам ауруханадан шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтауі министрі Елжан Біртанов айтты.

Екінші ұшқыштың жағдайы қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен тәулікте 3 адам ауруханадан шықты. Клиникаларда 46 пациент, оның ішінде 9 бала қалып отыр. Балалардың жағдайы тұрақты, олар реанимациядан бөлімшеге ауыстырылды. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, тиісінше сапалы ем қажет. Жағдайды министрлік бақылауда ұстап отыр», – деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның дерегінше, бірнеше адамның жағдайы өте ауыр болғандықтан реанимация бөлімшесінде жатыр.

«№4 қалалық ауруханада 7 адам, Алматы облыстық клиникалық ауруханада 2 адам реанимация бөлімшелерінде жатыр. Бір пациенттің өміріне қауіп төніп тұр. Қазіргі уақытта ол жерде ғылыми орталықтардың басшылары жетекшілік жасайтын топ жұмыс істеп жатыр. Кеше кеңес өткізіп, емдеу әдісін анықтады. Жалпы, емдеу толық көлемде жүргізіліп жатыр», – деді Елжан Біртанов. Сонымен қатар, ол ұшақтың екінші ұшқышының жай-күйі жайында да деректермен бөлісті. «Жағдайы өте ауыр болғанымен тұрақты. Реанимацияда жатыр», – деді ол.  

Қазір оқып жатыр

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті