USD
USD
USD

«Екінші толқын ұзаққа созылуы мүмкін»: Министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Коронавирустың екінші толқыны ұзаққа созылады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық орталық маманы осындай болжам жасады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

«Екінші толқын ұзаққа созылуы мүмкін»: Министрлік маңызды мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екінші толқынның ұзаққа созылатынын денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталық  басшысының орынбасары Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді. Оған екі себер бар, дейді маман.

"Біріншіден, қазіргі коронавирустың толқыны респираторлық кезеңге тап келді. Тұмау, не басқа жұқпалы ауру қазанда басталып, сәуірде аяқталады. Демек, осының өзі коронавирус таралу мезгілін созуы мүмкін. Екіншіден, медицинада инфекция тез шарықтау шегіне жетсе, тез қайтады деген қағида бар. Бірақ біз қазіргі вирустың олай қатты тарағанын көріп отырған жоқпыз", - деп түсіндірді ол.

Маманның айтуынша, соңғы аптада өршіген коронавирус желтоқсан айында келеді деп болжанған екінші толқынға ұласуы әбден мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы