USD
USD
USD

«Екінші толқын» бола қалған жағдайда инфекциялық орындар саны 1570-ке дейін ұлғаяды

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты, Атырау облысы бойынша 520 инфекциялық орын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 315 инфекциялық кереует Теңіз кенішінде ашылған.

«Екінші толқын» бола қалған жағдайда инфекциялық орындар саны 1570-ке дейін ұлғаяды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл туралы бүгін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бүгінгі таңда Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 38 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

«Екінші толқын» басталған уақытта облыс бойынша инфекциялық орындар санын 1570-ке дейін ұлғайту, реанимациялық орындар санын 90 кереуетке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде, Теңізде қосымша 400 инфекциялық​ орын ашу көзделуде», - деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.

Еске сала кетейік,, пандемияның «бірінші толқынында» облыста 1170 инфекциялық орын ашылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева