USD
USD
USD

Екібастұздағы апаттан қанша тұрғын үй зақымданған?

Екібастұздың жылыту жүйесі негізінен теңдестірілген, жылу тасымалдағыштың параметрлері қалыпты. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Екібастұздағы апаттан қанша тұрғын үй  зақымданған?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аян Бейсекиннің айтуынша, қолайлы емес температураға қатысты шағымдар әлі де түсіп жатыр, дегенмен, жылусыз қалған көпқабатты үйлердің 90%-ы жылынып үлгерді.

Жоспарланғандай, магистральдық желілердегі авариялық-қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін толық аяқталды.

Ағымдағы ішкі жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Бұл жұмыстарға 126 адам тартылған.

Қала тұрғындарына келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда.

«Екібастұздықтардан барлығы 905 өтініш қабылданды. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 244 тұрғын үйде әртүрлі дәрежедегі зақымданулар анықталды. 53 пәтерге ауқымды жөндеу қажет болса, оның 38-де жұмыстар аяқталуға жақын. Жөндеумен айналысатын он бригада барлық қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген», - деді Аян Бейсекин.

«Павлодарэнерго» АҚ-ың бас директоры Вадим Лесин қаладағы ауа райы жағдайларын ескере отырып, орамішілік желілердегі аздаған су кетулерді жою және құбырларды кесу бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады. Резервтік сорғылар да жөнделіп, іске қосылады.

Өңір басшысы жоспарлар бойынша алғашқы есепті келесі аптада тыңдайтын болады.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу