USD
USD
USD

Екібастұзда жол апатынан зардап шеккен жасөспірімдердің жағдайы белгілі болды

Жол апатынан үш адам жарақат алды, оның - екеуі бала, деп хабарлайды  

Екібастұзда жол апатынан зардап шеккен жасөспірімдердің жағдайы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

@Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнынан 15 жасар қыз бен 10 жасар баланы Екібастұз қалалық ауруханасына алып кеткен.

Екеуінде де жабық ми жарақаты, мидың шайқаулы, көгерулер  тіркелді. 
- Олар балалар хирургиялық бөлімінде емделуде, - деді басқармада. -  Балалардың жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа.

ЖКО орнында болған үшінші зардап шегуші  травматология бөліміне жатқызылды. Сондай-ақ, оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы және бірнеше  жаралар диагнозы қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 14 мамырда Екібастұзда болған. 48 жастағы «Лада-21074» жүргізушісі жол бермей, «Kia Rio» көлігімен соқтығысты.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев